«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрі

 

Р. Жаксылыков

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрі

2023 жылғы 26 қаңтардағы

№ 49 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының

 тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13264 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.